Бензинді автокөлікпен сыртқа шығаруға және алманы әкелуге тыйым салынды

Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанда автокөлікпен бензинді сыртқа шығаруға және алманы әкелуге тыйым салынды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сыртқы сауда саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.
Алайда бұл тыйымдар ЕАЭО елдеріне қатысты емес.
Сондай-ақ Қазақстан аумағына автокөлікпен алма әкелуге тыйым салу мәселесі қаралды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл 300 мың тонна алма жиналады. 2024 жылы алма бақтары толық жеміс береді және өнімділік 18%-ға артады деп болжануда, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді.
"Талқылау қорытындысы бойынша жыл соңына дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ВАК отырысында бірқатар тауарға экспорттық кедендік баж салығын енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды. Шикiзат тауарларын iшкi қайта өңдеудi ұлғайту және отандық кәсiпорындарды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайтатын шикiзатпен қамту мақсатында Қаржы министрлігi белгiлi бiр шикiзат тауарларына электронды сауда алаңын белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiздi.
Әлемдегі ең арзан бензин қай елде сатылады