Қазақстанның 4 жоғары оқу орны әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне кірді

Үздіктер тізіміне 108 ел мен аймақтан 1907 университет енгізілген
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. Әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне Қазақстанның 4 жоғарғы оқу орны ғана енді, деп хабарлады Ranking.kz.
2023-2024 оқу жылында Қазақстанда 112 жоғары оқу орны, оның ішінде 77 университет, 14 академия, 10 институт, консерваториялар мен жоғары мектептер, 8 ұлттық жоғары оқу орны және 3 ұлттық зерттеу университеті бар.
Биыл Times Higher Education, World University Rankings - 2024 әлемдік беделді университеттердің рейтингіне Қазақстанның 4 университеті ғана кірді. Тізімге 108 ел мен аймақтан 1907 университет енгізілген.
Үздік деп бағаланған төрт оқу орнының біреуі ғана ең жоғары орынға ие болды, ол - Nazarbayev University (NU). Үздік жоғары оқу орындары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
Енді елден шықпай-ақ шетелдік жоғары оқу орнында білім алуға болады