Қазақстан орман мекемелерінің автопаркін 100 пайыз жаңартты

Sputnik
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстан орман шаруашылығы мекемелерінің көлік паркін толығымен жаңартты. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2024 жылы қолданыстағы техниканың 72 процентке тозуын ескере отырып, орман мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауға орман саласы тарихында алғаш рет талап етілген қаржыландыру бөлінді. Бұл өрт жиі болатын орман мекемелерінің (Жетісу облысы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарындағы) автопаркін толығымен жаңартуға және жабдықтауды 100%-ға жеткізуге мүмкіндік берді.
Лизинг және бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 47,0 млрд. теңгеге:
428 өрт сөндіру машинасы,
389 шағын орман өртін сөндіру кешендері,
387 трактор,
104 күзет машинасы сатып алынады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап орман өрті станциялары қызметкерлеріне лауазымдық жалақыдан 100 пайыз көлемінде үстемеақы белгіленді.