АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Финляндия президенті Александр Стуб Киев Батыс берген қаруды Ресей аумағында қорғаныс мақсатында пайдалана алады деп мәлімдеді. Баспасөз конференциясының трансляциясы Финляндия СІМ YouTube каналында көрсетілді.
"Бірінші сұраққа нақты жауап берейін, иә, соққы жасай алады", - деді ол журналистің "Киев Ресей аумағына соққы беру үшін Батыс берген қаруды қолдана ала ма? деген сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Финляндия қорғаныс мақсатында пайдаланылған жағдайда және халықаралық құқыққа сай болса, өзі берген қарудың қолданылу аясына шектеу қоймаған.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.