АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Еуразиялық даму банкіне қатысушы елдерде жалпы ішкі өнім бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 4,6%-ке өсті, деп хабарлады Евразиялық даму банкі.
Банктің мәліметінше, былтыр көрсеткіш 3,9% болған. ЕАДБ сарапшылары Қазақстан экономикасы көктемгі су тасқынынан кейін қалпына келіп жатқанын атап өтті. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы ішкі өнім өсімі 3,3% болды. Бұған өнеркәсіптік өндіріс пен қызмет көрсету саласының үлесі бар. Сондай-ақ банк ЕАДБ елдеріндегі инвестициялық белсенділіктің өскенін атап өтті.
"Қазақстан бағдарламаны басқа салаларға масштабтауды жоспарлап, машина жасауды дамыту стратегиясын кеңейтуде", - деді банк.
Бұған дейін ЕАЭО елдерінің көпшілігінде сыртқы сауда өскені хабарланған болатын.