Атырау облысында топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алған компания айыппұл төледі

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 337-бабы 1-тармағы бұзылған
Sputnik
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Атырау облысында топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алған компанияға 3,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде ЖШС Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында құнарлы топырақ қабатын заңсыз алып тастағаны анықталды.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексінің 337-бабы 1-тармағы бұзылған. Компанияға 3,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және құқық бұзушылықты жою туралы міндетті нұсқама берілді", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, департамент "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексінің 136-бабына сәйкес екі ЖШС-ге қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Оларға жалпы сомасы 369 000 теңгеден астам айыппұл салынды, олар толық көлемде өндірілді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді.