АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның бірқатар мемлекеттік қызметкерін "Дустлик" (Достық) орденімен марапаттады.
"Достық" орденін:
Ерлан Қарин – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі;
Руслан Желдібай – Қазақстан президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
Серік Жұманғарин – премьер-министрдің орынбасары;
Аида Балаева – мәдениет және ақпарат министрі;
Бейбіт Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі;
Икрам Хашимжанов – Қазақстан Республикасы өзбектердің этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы алды.
Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің мәліметінше марапат "Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара құрмет, сенім, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге жеке үлес қосқаны үшін" берілген.
Жақында Өзбекстан президентінің Астанаға сапары кезінде Тоқаев Мирзиёевті Қазақстанның ең жоғары ордені – "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.