Қазақстан құрамасы күрестен "Каспий кубогы" жарысына қатысып жатыр

Спорттық сайыс аясында бірлескен жаттығулар мен Олимпиада ойындарының жеңімпаздарының сапары жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Ресейдің Астрахан қаласында күрестен "Каспий кубогы" Қазақстан-Ресей жарысы өтіп жатыр.
Сайыстарға спортшылар екі жас категориясы бойынша қатысады: 21 жасқа дейін және 24 жасқа дейін.
"Каспий кубогы" бағдарламасы аясында атақты спортшылармен бірлескен жаттығулар жоспарланған. Сондай-ақ Олимпиада ойындарының жеңімпаздары келеді, олардың арасында гандболшы Игорь Лавров, грек-рим күресінің шебері Александр Карелин мен Мұрат Карданов, әлем чемпионы Степан Марьянян бар.
"Жарыс Қазақстан мен Ресей құрамалары үшін резервті анықтауға жақсы мүмкіндік болмақ. Матчтық кездесуге қатысушылар –балуандар да, жаттықтырушылар да құнды тәжірибе жинайды, ал көрермендер әділ күрестен ләззат алады", - делінген хабарламада.
Мұндай турнирлер Қазақстан Республикасы Сенаты мен Ресей Федерациясының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
Трансляцияны мына жерден көруге болады.