Мәскеу халықаралық кино апталығында қазақстандықтар өз тәжірибесін бөлісті

Ресей астанасында ауқымды мәдени іс-шара өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мәскеу халықаралық кино апталығында қазақстандықтар креативті индустрияны дамыту тәжірибесін бөлісті. Іс-шара мәдени және іскерлік бағдарламаны қамтиды.
Мәскеудегі халықаралық кино апталығына барлығы 47 елден 130-дан астам делегат жиналды, олардың арасында киноиндустрия, мәдениет министрліктері өкілдері мен сарапшылар бар.
Талқылаудың негізгі тақырыбы – креативті индустрияны дамыту. Қатысушылар креативті индустрияны дамыту және қолдау стратегиялары, әлемдегі маңызды үрдістер туралы айтты.
Қазақстанның мәдениет және ақпарат вице-министрі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Евгений Кочетов креативті индустрияны қолдауға арналған заңнамалық жаңашылдықтар және Қазақстандағы таланттарды ынталандырудың басқа да шаралары туралы айтты.
"Еліміздің барлық өңірінде креативті және инновациялық орталықтар секілді мамандандырылған инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар біздің елімізді қолдаудың маңызды аспектісі – креативті индустрия және инновациялар саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу", - деді мәдениет және ақпарат вице-министрі.
Іс-шара аясында 300-ден астам шетелдік фильм көрсетіледі деп жоспарлануда. Сарапшылар кеңесінің құрамына Константин Эрнст, Алексей Учитель, Фёдор Бондарчук, Алексей Фурсин сияқты танымал тұлғалар кіреді.