Инфекциялық ауруханалар толып қалғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

Ведомство коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 өршуі салдарынан инфекциялық ауруханалар толып қалғаны туралы желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше 2024 жылдың басынан бері елде 1356 адам Covid-19 жұқтырған.
"Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 есеге төмен. Бүгінгі таңда 6 285 инфекциялық төсек-орынның 0,1%-ында Covid-19 науқастары жатыр. Өлім-жітім тіркелген жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін атап өтті.
"Жалған ақпаратты таратушы тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін материал құқық қорғау органдарына жіберілді. Барлық азаматы ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз", - деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрлігі.