АСТАНА, 26 тамыз - Sputnik. Мәскеуде "Салауатты Еуразия" форумының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы Еуразиялық заңдар жинағына қол қойылды, деп хабарлады RT.
"Еуразия" АҰО кеңесінің төрайымы Алена Аршинова форумды ЕАЭО-ға мүше барлық елде өткізуге ниет бар екенін айтты.
Грант байқауына тоғыз елден 150-ден астам маман қатысып, Еуразия елдері тұрғындарының медициналық білімі туралы халықаралық блогтар құрды. Үздік жобалар қаржылық және сараптамалық қолдауға ие болды.
Еуразиялық экономикалық одақ – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. Одаққа Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан мүше.