2025 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы өседі

Қаржы министрлігі "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Қаржы министрлігі 2025 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) өсетінін хабарлады.
"2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жоба мақұлданса, 2025 жылы:
ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);
АЕК – 3932 теңге (8,1 доллар);
ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (130 доллар);
ең төменгі күнкөріс деңгей– 46 228 теңге (95,7 доллар);
ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге (67 доллар) болады.
Сонымен қатар жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемін 8,5%-ға арттыру жоспарлануда.
АЕК-тің өсуі көптеген процеске әсер етеді. Олар: бала туған кезде төленетін біржолғы төлем, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы, балалар жәрдемақысы және алимент.
Салыстыру үшін 2024 жылы:
ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);
АЕК – 3692 теңге (7,6 доллар);
ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге (119,8 доллар);
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге (89,9 доллар);
ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 28 215 теңге (58,4 АҚШ доллары).