АСТАНА, 25 тамыз - Sputnik. Германия канцлері Олф Шольц пен Украина басшысы Владимир Зеленский Швейцариядағы Украина саммиті бойынша процесті жалғастыру жайын телефон арқылы талқылады, деп хабарлады РИА Нвовсти.
"Екі тарап та Швейцариядағысаммиттің маңыздылығын жоғары бағалап, оны жалғастыру жайын да талқылады. "Жаһандық Оңтүстікті" қосу бұл мәселеде үлкен маңызға ие", - деп жазылған неміс үкіметінің ресми өкілі Штеффен Хеберштрайт журналистерге берген жауабында.
Бұл әңгімелесу Украинаның тәуелсіздік күніне орайластырылғаны айтылған. Сөйлесу барысында Шольц пен Зеленский әскери және гуманитарлық көмек мәселесін де қозғады. Канцлер "Украинаны қолдау бойынша өзінің өзгермейтін және берік ұстанымын" тағы да растады. Зеленский Германия билігіне тұрақты әскери көмегі, әсіресе, әуе шабуылына қарсы техникасы үшін алғыс білдірді.
Швейцариядағы Украина бойынша саммит осы жылдың 15-16 маусымында өтті. Дегенмен, бұл саммитке Ресей тарапы шақырылмады, сондықтан Кремль Ресей қатыспайтын жиындар еш нәтиже бермейтінін мәлімдді.
Саммит қорытындысы бойынша қабылданған коммюникеде Киевке ЗАЭС-ке бақылауды қайтару, әскери тұтқындарды алмасу, Қара және Азов теңізіндегі еркін қозғалыс сынды мәселелер қабылданды.