Қазақстандық десантшы гір тасын көтеруден әлем чемпионатында үздік атанды

Шолпаната қаласында өтіп жатқан жарыста әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы бақ сынады
Sputnik
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстандық десантшы-жауынгер гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатында алтынға ие болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қазақстандық десантшы-жауынгер гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатында алтынға ие болды
"Қырғызстанда гір тасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды", - деп жазылған хабарламада.
Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ал екінші орынға Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді.
Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші "алтыны" екенін айта кеткен жөн.
Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы қатысты.