Мәскеуде "Салауатты Еуразия" халықаралық дәрігерлер форумы өтіп жатыр

Мәскеуде "Салауатты Еуразия" халықаралық медициналық форумына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның мамандары жиналды
Sputnik
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Мәскеуде 25 тамызға дейін жалғасатын "Салауатты Еуразия" халықаралық дәрігерлер форумы өтуде.
Әртүрлі елдердің дәрігерлері арасында кәсіби өсу және тәжірибе алмасу кеңістігін ұйымдастыру форумның негізгі мақсаты болып табылады.
Форумға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген мамандар қатысуда.
Қазақстаннан қатысқан алматылық генетик Гүлнар Святова форумның ашылу күні өз әсерімен бөліскен болатын.
Форум аясында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері бойынша семинарлар, шеберлік сабақтары және стратегиялық сессиялар өтеді.
Сонымен қатар дәрігерлер Мәскеудегі жетекші ғылыми-зерттеу институттарынағ атап айтқанда, Телемедицина орталығына, С.П.Боткин атындағы Мәскеу көпбейінді ғылыми-клиникалық орталығына, Н.И.Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталыққа барады.
Форумға қатысушылар денсаулық сақтау саласын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әзірленіп жатқан "Денсаулық туралы заңдардың Еуразиялық жинағының" негізін құрайтын медициналық ұсынымдар тізімін жасайды.