АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Америкалық кәсіпкер, инженер және миллиардер Илон Маск Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты босатуға шақыратын #FreePavel хэштегі арқылы әлеуметтік желі қолданушыларына қолдау көрсетті, деп хабарлайды РИА Новости.
"#FreePavel", - деп жазды ол өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сенбі күні кешке француз ақпарат құралдары Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Ле Бурже әуежайында ұсталғанын хабарлады. Бұл жағдай болжам бойынша Әзербайжаннан келген жеке ұшақтан түсу кезінде болған.
Француз баспасөзінің хабарлауынша, Франция азаматтығын алған Дуров елде іздеуде жүргендердің тізімінде болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, француз әділет органы Дуровты бірқатар себептер бойынша, соның ішінде Telegram ел билігімен ынтымақтастықтан бас тартуына байланысты қылмысқа қатысы бар деп санайды.