Магистратура бойынша грант иелері белгілі болды

Sputnik
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.
Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды. 
"Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.  Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты", - деп жазылған министрліктің телеграм арнасында.
Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты. Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. 
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімімен мына жерде танысуға болады.