Спорт

Астанада "SARYARQA RUN" марафоны кезінде жолдар жабылады

Sputnik
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Конституция күніне арналған "SARYARQA RUN" жаппай марафоны 31 тамыз күні Астанада өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Старт қала әкімдігінің алдындағы қалалық алаңнан басталады. Жарыстың жалпы қашықтығы – 5 километрді құрайды.
"Жарысқа қатысушыларды тіркеу 24-30 тамыз аралығында сағат 15:00-ге дейін өтеді. Тіркелу тегін. Нөмірлер жарыс күні таңертең беріледі", - деп жазылған ақпаратта. Сағат 08:00-де басталатын марафонға 16 жасқа толған жалпы саны 500 адам қана қатыса алады", - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар марафон барысында Кенесары, Бейбітшілік, Сейфуллин сынды бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.