Алматыда үш жаңа жатақхана ашылды

Жатақханаларда тұрмысқа қажеттінің бәрі қарастырылған
Sputnik
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Алматыда үш жаңа жатақхана ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматыдағы жаңа жатақхана
24 тамыз күні жаңа оқу жылының қарсаңында жеке инвестиция есебінен салынған 980 орындық заманауи жатақханалар салтанатты түрде ашылды.
Алматыдағы жаңа жатақхана
Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысты.
"Жатақханаларда тұрмысқа қажеттінің бәрі қарастырылған: жайлы бөлмеден бастап коворкинг пен асханаға дейін бар", - деп жазылған хабарламада.
Әкімнің орынбасары мұндай жағдай студенттердің өзін үйіндегідей сезініп, жақсы оқуына ықпал ететінін атады.
1 / 6

Алматыдағы жаңа жатақхана

2 / 6

Алматыдағы жаңа жатақхана

3 / 6

Алматыдағы жаңа жатақхана

4 / 6

Алматыдағы жаңа жатақхана

5 / 6

Алматыдағы жаңа жатақхана

6 / 6

Алматыдағы жаңа жатақхана

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жатақхана мәселесі тікелей бақылауында екенін айтқан болатын.
2024 жылы жалпы саны 5025 орындық 10 нысан іске қосылады деп жоспарланып отыр.