Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Эмомали Рахмон Қазақстан президентін өзі шығарып салды
Sputnik
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президенті 22-23 тамызда ресми сапармен Душанбеде болды. Кездесулер мен келіссөздер барысында өзара саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар талқыланды.
Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапары аяқталды
Бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан бизнес-форум өткізіп, онда 1 миллиард доллардың келісімшартына қол қойылған болатын.
Тараптар өзара тауар айналымын 2 миллиард долларға жеткізуге келісті.
Эмомали Рахмон Қазақстан президентін өзі шығарып салды
Сондай-ақ мемлекеттер арасында 16 келісімге қол қойылды, оның ішінде маңызды және тарихи құжат – "Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт"екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен әріптестікті нығайтуда маңызды және ынталандырушы фактор болды.
Іскерлік және ресми кездесулерден бөлек, Тоқаев ауқымды мәдени бағдарламаға қатысты. Қазір Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері өтіп жатыр.