АСТАНА - 23 тамыз, Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы спорт саласында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстың Дене шынықтыру және спорт басқармасының, оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
"Соның нәтижесінде, елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, басқарма бюджет қаражатын ұтымсыз пайдаланып, сатып алынған қызметтер бойынша қаржылық құжаттама жасамаған. Қызметкерлерге негізсіз сыйлықақы беріліп, жаттықтырушылардың жалған дипломдарды пайдаланғаны анықталды. Сондай-ақ жалған оқу-жаттығу жиындарын өткізу фактілері де белгілі болып отыр", - делінген хабарламада.
Талдау қорытындысы бойынша спорт басқармасына белгіленген тәуекелдерді жою бойынша тиісті ұсыным берілді.