Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Франциялық БАҚ Украинаның Курск облысына шабуылына қатысты тың ақпарат таратты

Sputnik
АСТАНА, 23 тамыз - Sputnik. Батыс өкілдері Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылынан батыстағылар бейхабар болғанын мәлімдеді. Француздардың бұқаралық ақпарат құралдары украиналық дереккөздің бұл мәлімдемені жоққа шығарғанын хабарлады, деп жазды РИА Новости.
Еске салайық, Ресей Федерациясы бұған дейін бұл операция НАТО мен Батыс барлау қызметтерінің қатысуымен жоспарланғанын, себебі тікелей қолдаусыз Киев бұған тәуекел етпейінін мәлімдеген.
Украиналық дереккөздің айтуынша,, Киевтің одақтастары украин әскерінің Ресей аймағына шабуылынан алдын ала хабардар болған.
Француз БАҚ-ына сұхбат берегн дереккөз Украина мен Батыс елдері арасындағы ашықтық пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айтып, украин қызметтері серіктестердің қызметтерімен тығыз байланысты екенін мәлімдеді.
Ол операцияның күрделілігіне және тартылған қаруға байланысты украиндар одақтастардың көмегінсіз Курск облысына шабуыл жасай алмайтынын айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Батыс Путинмен келіссөз үстеліне отыруы керек – шетелдік БАҚ