Beeline ТМД-ның барлық елдері үшін нөмірлік теңгерімдерден аударымдарды іске қосты

Билайн мобильді қосымшасында енді телефон теңгерімінен онлайн ақша аударымдарын жылдам және оңай жасауға болады
Sputnik
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Билайн нөмір теңгерімінен ақша аударуға болатын елдердің тізімін кеңейтті, енді бұл тізімге Қазақстан да кіреді.
Билайн мобильді қосымшасында енді телефон теңгерімінен онлайн ақша аударымдарын жылдам және оңай жасауға болады - бұл толыққанды және қауіпсіз төлем құралы, оның көмегімен көптеген операцияны орындауға болады. Оператор “Билайн арқылы төле” қызметін жаңартты, енді телефоннан ақша жіберу бұрынғыдан да ыңғайлы және тиімді болды, өйткені енді комиссия ақысын төлеудің қажеті жоқ.
Бір уақытта 15 000 рубль, айына 150 000 рубльге дейін аударуға болады. Билайн қосымшасының ыңғайлы навигациясы мен интерфейсі процесті жаңадан қолдана бастаған пайдаланушы үшін де қолжетімді және түсінікті етеді.
Аударымды Билайн қосымшасында да, оператордың сайтында да жасауға болады. Ол үшін елді таңдап, ақшаны алатын адамның шотын және аударым сомасын көрсету керек. Бастысы, аударылатын қажетті сома ұялы телефон теңгерімінде болуы қажет. Аударымды жүзеге асыру үшін барлық ақпаратты толтырған кезде операцияның жалпы сомасы көрсетіледі.
“ВымпелКом” ЖАҚ жарнамасы, толығырақ: beeline.ru сайтында.