АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Ақмола облысының прокуратурасы балабақшаларды тексерді.
Прокурорлық тексерулердің нәтижелері бойынша 300-ден астам заң бұзушылық анықталды.
"Мысалы, балабақшалардың бірінде қызметкер мас болған. Сондай-ақ балабақша басшысы өз айыппұлын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинаған. Ол жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады облыстық прокуратура.
3 балабақшада 15 қызметкер жалған медициналық кітапша өткізген. Мектепке дейінгі 12 ұйымда ішек таяқшасы бактериялары табылды.
Сонымен қатар мектепке дейінгі білім берудің 19 мекемесінде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмеген.
Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.