Фото

2024 жылы iPhone телефонына түсірілген ең үздік суреттер - фото

iPhone Photography Awards мобильді сурет байқауы биыл 17-ші рет өткізіліп отыр. 2024 жылдың жеңімпаздары белгілі болды
Sputnik
Байқаудың бас жүлдесін океанариумдағы баланың шыны арқылы акулаға қарап тұрған суреті жеңіп алды. Бір қызығы, сурет ақ-қара түсте түсірілген. Америкалық автор Эрин Брукстың идеясы осындай болды.
Жеңімпаздар қатарында ресейлік фотограф Артём Колеганов та бар. Санкт-Петербург тұрғыны "Портрет" аталымы бойынша бірінші орынды иеленді. Бұл сурет ескі iPhone X телефонында түсірілген. Дегенмен, жыл жеңімпаздары рейтингіндегі көптеген сурет iPhone 15-тің соңғы үлгілері арқылы түсірілген.
Байқау қатысушылары әртүрлі категориялар бойынша бақ сынады: "Балалар", "Пейзаж", "Табиғат", "Өмірстилі", "Адамдар", "Жануарлар", "Архитектура", "Абстракция", және "Басқа".
Телефонға түсірілген үздік суреттерді топтамадан тамашалаңыздар!
1 / 18

Бас жүлде Флорида тұрғыны Эрин Брукс түсірген "Бала акуламен кездескенде" атты ақ-қара түсті суретке үшін берілді.

2 / 18

Екінші орын "Құтқарушылар лагері", авторы Глен Уилберт, АҚШ.

3 / 18

"Шәкірттер" атты сурет, Энтони Морил , АҚШ.

4 / 18

Қытай фотографы Wenlong Jiang түсірген сурет үшінші орынды иеленді.

5 / 18

"Абстракция" категориясында Испания фотографы Хосе Мануэль Гарсия Гонсалес түсірген "Пита Пинта" (iPhone 14 Pro Max) суреті жеңді.

6 / 18

"Портрет" категориясында 2017 жылы iPhone X телефонына түсірілген қыздың ақ-қара портретімен Санкт-Петербург фотографы Артем Колеганов бірінші орынды иеленді.

7 / 18

"Балалар" категориясында бірінші орынды "Әткеншектегі балалар" суретін iPhone 11 телефонымен түсірген бразилиялық Даниэль де Серкейра иеленді.

8 / 18

Англиялық Колин Хоскинстің "Жануарларды аулаушы" суреті iPhone 7 Plus телефонында түсірілген.

9 / 18

Пэдди Чао (Тайвань) түсірген "Текапо көлінің үстіндегі түнгі аспан пейзажы" фотосуреті iPhone 15 Pro Max камерасымен түсірілген "Пейзаж" категориясында көшбасшы болды.

10 / 18

iPhone 15 Pro телефонына түсірілген Шинья Итаханудың (Жапония) "Табиғат трансляциясы" атты суреті.

11 / 18

"Ойыңызда тағы не бар?" атты күлкілі сурет "Әртүрлі" категориясында жеңімпаз атанды. Қытайлық автор Цзюнь Ху мсуретті iPhone 7 телефонымен түсірген.

12 / 18

"Архитектура" категориясында iPhone 12 Pro Max смартфонына түсірілген қытайлық Лепинг Ченгтің "Қиял әлеміне кіру" атты суреті жеңімпаз атанды.

13 / 18

"Адамдар" категориясындағы үздік кадрды iPhone 6s телефонына Брук Вилен (АҚШ) түсірді.

14 / 18

Ретро стиліндегі қалалық пейзажды Польша фотографы Александр Капцевич iPhone X телефонына түсірген.

15 / 18

"Саяхат" категориясында 1 орынды швециялық Халид Махмуд жеңіп алды. Ол iPhone 13 Pro көмегімен "Сахарада серфинг жасау" қандай болатынын көрсетті.

16 / 18

Вьетнамдық фотограф Туан Виеттің қанық түсті суреті "Өмір стилі" категориясында жоғары бағаланған шынайы сурет.

17 / 18

"Табиғат" категориясында беларусь Артем Борисенко жеңіске жетті.

18 / 18

Түрік фотографы Саад Захабидің "Басқа" категориясында жоғары баға алған суреті.