Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның қорғаныс министрі АҚШ конгресінде майдандағы жағдай туралы баяндады

Sputnik
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Украинаның қорғаныс министрі Рүстем Умеров АҚШ Конгресс палатасының өкілдерімен кездесіп, оларға майдандағы жағдай мен украин әскерінің қажеттіліктері туралы баяндағанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Украинаға сапары барысында АҚШ Өкілдер палатасының делегациясымен мазмұнды келіссөз жүргіздім. Командамен бірге біз америкалық серіктестерімізді майдандағы, атап айтқанда Сумы облысына іргелес аумақтардағы қазіргі жағдай туралы хабардар еттік. Сондай-ақ Украина армиясының маңызды қажеттіліктерін талқыладық", - деп жазды Умеров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар Умеров тағы да америкалықтардан"Ресей аумағындағы нысанаға қарсы ұзақ қашықтықтағы қаруды толық пайдалануға рұқсат беруді" сұрады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді және НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киевке арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізу ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындаумен қақтығысқа тікелей қатысып отыр деп мәлімдеді.