Тоқаев шахтерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

36 шахтер "Құрмет" орденінің кавалері атанды
Sputnik
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шахтер күні қарсаңында шахтерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, 36 шахтер "Құрмет" орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталып, 43 азамат "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.
Қоғам
Енді шахтерлер арнаулы әлеуметтік төлем алады