Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сыртқа шығаруға тыйым салынды

Министрліктің бұйрығы 2024 жылдың 22 тамызынан бастап күшіне енеді
Sputnik
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Қазақстан аумағынан қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен шығаруға уақытша тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл бұйрық отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және тиеу мақсатында қабылданды, өйткені ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу неғұрлым жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару, сондай-ақ экологиялық тазалық пен ең аз энергия шығыны үшін стратегиялық маңызды бағыт саналады.
Министрліктің бұйрығы 2024 жылдың 22 тамызынан бастап күшіне енеді.