Министрлік алты айдан астам комада болған сарбазға қатысты мәлімдеме жасады

Sputnik
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың жарақат алғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты мынаны түсініктеме берді.
"Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарды. Мерзімді қызметтің сарбаздары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет өткеретінін хабарлаймыз. Қорғаныс министрлігі аталған күштік құрылымдардағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Министрлік әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылатынын атап өтті.
"Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз", - деп хабарлады ведомство.