АЛМАТЫ, 22 тамыз - Sputnik. Маңғыстау облысында "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директоры жемқорлық жасады деген күдікпен ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдік туды. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады", - дейді ведомство.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.