Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

МАГАТЭ басшысы Курск атом электр станциясына барады

Sputnik
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. МАГАТЭ агенттік бас директоры Рафаэль Гроссидің Курск АЭС-іне сапары келесі аптада болатынын растады, деп хабарлады РИА Новости.
“Біз бұл сапар келесі аптада болатынын растай аламыз”, - деді агенттіктің баспасөз қызметі РИА Новостиге осы сұраққа жауап бере отырып.
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова бұған дейін Киев режимінің Запорожье АЭС және Курск АЭС-іне қатысты арандатушылық әрекеттеріне байланысты Ресей МАГАТЭ хатшылығымен және Гроссимен тығыз байланыста екенін мәлімдеген.
Өткен сенбіде Гросси мен “Росатом” бас директоры Алексей Лихачев телефон арқылы Курск және Запорожье атом электр станцияларындағы жағдайды талқылады. Лихачев осы АЭС-тердің төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі жалғасып жатқанын айтты, сонымен қатар Гроссиді жақын арада Курск атом электр станциясына және Курчатов қаласына барып, станция төңірегіндегі жағдайды жеке бағалауға шақырды.
6 тамыз күні таңғы сағат 5.30-да Украина қарулы күштерінің бөлімдері Курск облысындағы аумақты басып алу мақсатында шабуылға шықты, олардың ілгерілеуі тоқтатылды, деп хабарлады Ресей қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимов.