АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық Крейг Льюисті нокаутқа түсірді.
Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын, бірақ екінші раундта Иван Дычко техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Дычко 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның он үшін мерзімінен бұрын аяқтап отыр.
Ал Крейг Льюис 8-ші рет жеңілді. Салмақ өлшеу кезінде Дычконың қарсыласы 12 келіге ауыр болып шықты.
Жекпе-жектегі нокдаун мен нокауттың видеосын мына жерден көруге болады.