Индустрия министрлігі көмірді ертерек сатып алуға кеңес берді

Sputnik
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Өнеркәсіп министрлігі жанындағы өнеркәсіп комитеті қазақстандықтарға ертерек көмір сатып алуға кеңес берді. Комитет төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов Қазақстан темір жолы көмір тасымалдауға толық дайын екенін айтты.

"Егер халық күннің суытқанын күтіп жаппай сол кезде сатып алуға кіріссе онда проблема болады. Көмірдің бір тұйығы 100 көліктен артық қызмет көрсете алмайды. Күн суытып, сұраныс 500 көлікке жеткенде аймақтық операторлардың қызмет көрсетуге мүмкіндігі болмайды", - деп түсіндірді Жолмағабетов.

Ол сондай-ақ Қазақстандағы көмірдің құны туралы айтты. Негізгі жеткізушілер: "Шұбаркөл Көмір" - 8 мың теңге (16,8 доллар), өсім 900 теңге (1,8 доллар); "Қаражыра" - 8,7 мың теңге (18,2 доллар), 200 теңгеге өсім (0,42 доллар); "Майкубен-Вест" - 7 750 теңге (16,2 доллар), өсім 650 теңге (1,3 доллар); "Шұбаркөл Премиум" - 9 мың теңге (18,9 доллар).
Сонымен қатар қазақстандықтар өңірлік көмір операторларына жүгінетін өңірлерде бағалар 8 мың теңгеден (16,8 доллар) 26 мың теңгеге (54,6 доллар) дейін ауытқиды. Бағаға көмір орындарының жақындығы мен дизель отынының құны әсер етеді. Басқа да бірқатар факторлар бар, деді комитет.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан көмір өндіру және барлау бойынша әлемнің он елінің қатарына кіреді.