Антикор қазақстандықтарға ескерту жасады

Күмәнді қоңырау мен хабарлама алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлау керек
Sputnik
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті.
Мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар пайда болған.
"Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство жалған ақпаратқа сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауға шақырды.
Осындай қоңырау мен хабарлама алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлау керек.