Алматылық дәрігерлер жүкті әйелге күрделі ота жасады

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 тамыз - Sputnik. Алматылық дәрігерлер жүктіліктің бесінші айында әйелге сәтті ота жасады, деп хабарлайды №8 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.
36 жастағы алматылық тұрғынның бұл алғашқы жүктілігі болған. Әйел алғаш скрининг жасағанда жатыр қуысында ісік бары анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, ісік ұлғая берген.
"Екінші скринингте кистаның мөлшері 5,3*11,05*4,0 дейін өскенін көрдік. Ісіктің өсуіне және жүктіліктің ықтимал қауіптеріне байланысты науқас портал арқылы №8 қалалық клиникалық ауруханаға жедел емделуге жіберілді. Мұнда сол жақ аналық безге цистэктомия жасау үшін лапароскопиялық отаға жіберілді. Операция сәтті өтті және пациент өз гинекологының бақылауында", - деді Алматы №8 МКБ гинекология бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Цай.
Операциядан кейін дәрігерлер консилиумы ана мен құрсақтағы нәрестенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүктілікті мұқият медициналық бақылау туралы шешім қабылданды.