Көлік министрлігі авиакеросин тапшылығына қатысты түсініктеме берді

Sputnik
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанда авиакеросин тапшылығы жылына шамамен 350 мың тоннаны құрайды, деп хабарлайды Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев азаматтық авиация мәселелеріне арналған брифингте елдегі авиакеросин тапшылығы туралы ақпаратқа қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
“Тапшылық болды және әлі бар. Өндіріс жылына 600-650 мың тоннаны құраса, қажеттілік бір миллионнан асады. Яғни, қазіргі сұранысқа байланысты 350 мың тоннаға жуық тапшылық импорт арқылы жабылады”, - деді вице-министр.