Белгілі боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді

Sputnik
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Полицияның хабарлауынша, істі Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция департаменті қозғаған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", – деген жауап келді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Боксшының осындай айыпқа ілінгені жөнінде ақпарат әуелі әлеуметтік желіге тараған еді.