Агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция 21 пайызға азайды

Қазақстанда ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға 341,2 млрд теңге инвестиция салынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция төрттен бірге азайды, деп хабарлады Finprom.kz.
Инвестициялық салымдардың ең көп көлемі Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі.
Биылғы қаңтар-маусым айларында Қазақстанда ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға 341,2 млрд теңге инвестиция салынды, бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 21,2%-ке аз.
Инвестицияның көп бөлігі осы салаларда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына, аң аулауға және қызмет көрсетуге жұмсалды. Оның ішінде бір немесе екі жылдық дақылдарды өсіруге 171,3 млрд теңге, мал шаруашылығына — 146,6 млрд теңге, аралас ауыл шаруашылығына — 12,9 млрд теңге, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге және мал өсіруге ықпал ететін қызметке және егінді өңдеу жөніндегі қызметке — 3,7 млрд теңге, көпжылдық дақылдарды өсіруге — 2,1 млрд теңге салынды, өсімдіктердің көбеюіне - 24,1 млн теңге, аң аулауға және осы салалардағы қызметтерге 19,4 млн теңге жұмсалды.
Балық шаруашылығы және балық шаруашылығы секторындағы инвестициялар 35%-ке, яғни 4,2 млрд теңгеге дейін қысқарды, ал орман шаруашылығы және ағаш кесу сегментіндегі инвестициялар, керісінше, 39,1%-ке 357 млн теңгеге дейін өсті.