Шивелуч жанартауы - Камчаткадағы ең үлкен жанартаулардың бірі.
Суретте: Шивелуч жанартауының атқылауы.
Шивелуч жанартауы жиі атқылайды. Ең күшті атқылау 1964 жылы болды, жанартау бір жыл бұрын да оянған.
Жанартау атқылау кезінде жанартаулық найзағайлар көп болды. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс.
Жанартау атқылауы салдарынанүлкен бұлт пайда болды. Күл түріндегі бұлт жолдардың бірін басып қалды.
Қазір атқылау аймағында күлдің көптігінен айналаны көру өте қиын. Жергілікті авиация үшін "қызыл код" енгізілді, яғни бұл мұнда ұшу қауіпті дегенді білдіреді.
Шивелуч жанартауының атқылауы түбекте 18 тамызға қараған түні басталған. Күл бағанасы 12 шақырым биіктікке көтерілді, оның жанартаудан таралуы бір жарым мың шақырымнан астам қашықтыққа созылды.
Шивелуч жанартауы Ключи ауылынан солтүстікке қарай 50 шақырым жерде, Петропавл-Камчатсктен 450 шақырым жерде орналасқан. Ол үш негізгі құрылымды қамтиды: Ескі Шивелуч жанартауы, ежелгі кальдера және қазір атқылап жатқан Жас Шивелуч жанартауы.
Туристерге атқылап жатқан жанартауға жақындамау және бұл құбылысты қауіпсіз қашықтықтан бақылау жөнінде ескертілді.