ЕАЭО ет пен іркіттің кей түрлерін импорттауға тарифтік квоталарды бекітті

Мұндай шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. ЕАЭО 2025 жылға ет пен іркіттің кей түрлерін импорттауға тарифтік квоталарды бекітті.
Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей үшін 2025 жылға арналған тарифтік квоталар мемлекеттердің ДСҰ-ға кіруі туралы хаттамаларда көрсетілген мөлшерде белгіленді.
Армения, Беларусь және Қырғызстан үшін тарифтік квоталар тараптардың өтінішін ескере отырып, тұтыну мен өндіру арасындағы айырмашылықтан аспайтын көлемде айқындалады, деп түсіндірді ЕЭК.
Ірі қара мал еті бойынша квоталар:
Ресей үшін – 570 мың тонна;
Қазақстан үшін – 21 мың тонна;
Армения үшін – 9,5 мың тонна;
Қырғызстан үшін – 5 мың тонна.
Шошқа еті бойынша:
Армения үшін – 9,4 мың тонна;
Беларусь үшін – 20 мың тонна;
Қырғызстан үшін – 2 мың тонна.
Ет пен құстың қосалқы өнімдеріне енгізілген квоталар:
Ресей үшін – 364 мың тонна;
Қазақстан үшін – 140 мың тонна;
Армения үшін – 35,1 мың тонна;
Беларусь үшін – 10,9 мың тонна;
Қырғызстан үшін – 58 мың тонна.
Іркітті импорттау квотасы:
Ресей үшін – 15 мың тонна;
Армения үшін – 0,7 мың тонна болады.