87,5 миллиард долларға жетті: ЕАЭО аясындағы тауар айналымы 10 жылда екі еселенді

РФ СІМ ТМД елдері бірінші департаментінің директоры Микаэл Агасандян тауар айналымының тұрақты өсімі туралы айтты
Sputnik
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. ЕАЭО аясындағы тауар айналымы 10 жылда екі есеге өсіп, 87,5 млрд долларға жетті, деп хабарлады РФ СІМ ТМД елдері бойынша бірінші департаментінің директоры Микаэл Агасандян.
2023 жылдың соңында Одақ ішіндегі тауар айналымының көлемі біздің бірлестік жұмыс істей бастаған 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық артты, деп мәлімдеді Микаэл Агасандян.
"Бұл ретте сандық емес, сапалық өзгерістерді де атап өткім келеді: жоғары қосылған құны бар өнімдер, яғни, машиналар, жабдықтар және сол сияқты өнімдер ЕАЭО аясындағы тауар айналымында айтарлықтай үлеске ие", – деді Ресей СІМ ТМД елдерінің бірінші департаментінің директоры.
Егер өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалану статистикасы туралы айтатын болсақ, онда бұл көрсеткіш шамамен 90% деңгейінде.
"Бұған негізінен қазіргі жағдайда батыстық қаржы құралдарын бей-берекет пайдалану тәуекелдерін азайту қажеттілігін түсінетін ЕАЭО-ға мүше елдердің үйлестірілген жұмысының арқасында қол жеткізілді", - деді Микаэл Агасандян.
ЕАЭО елдері шетелдік серіктестермен байланыс орнатуда белсенділік танытып жатыр.
Мысалы, 20 тамызда ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев БАӘ Сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Тани бин Ахмед әл Зайудимен экономикалық әріптестік туралы келісім бойынша келіссөздердің аяқталуын талқылады.
“Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі келіссөздердің негізгі мәселелері талқыланды, олардың шешімі келіссөздер үдерісін тезірек түбегейлі аяқтауға ықпал етеді", - деп атап өтті Андрей Слепнев.
БАӘ-мен келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылдың желтоқсанында қабылдады. Бүгінгі таңда келіссөздердің үш раунды өтті.