АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Синоптиктер 20-22 тамызға ауа райы болжамын жасады.
Қазгидрометтің мәліметінше республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
"Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады деп болжанып отыр, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі және батысында жаңбыр қатты жаумайды", - деп жазылған хабарламада.
21 тамызда Қазақстанның оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады. 22 тамызда Қазақстанның шығыс бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +16+25, батыс пен оңтүстікте +22+35°C, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында 23+33°С болады деп болжанып отыр.