АСТАНА, 19 тамыз - Sputnik. Түркістан облысында денесі әжетхана тесігінен табылған 3 жасар қыздың өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ол осыдан үш ай бұрын көз жұмған болатын. Полиция қызметкерлері тергеу іс-шаралары барысында аталған оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігін анықтады. Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды.
"Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция ақиқатты анықтауға және заңды шешім қабылдауға бар күшін салады", - делінген Түркістан облысының полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында үш жасар қыздың 16 мамырда жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ата-анасысының айтуынша, үй тірлігімен жүргенде таңғы сағат 9:00 шамасында бүлдіршін есік алдындағы қақпа алдында ойнап жүрген. Содан кейін бала із-түзсіз жоғалып кеткен.
19 мамырда іздеу шаралары барысында қыздың денесі көрші үйдің әжетханасынан табылған.
19 мамырда іздеу шаралары барысында қыздың денесі көрші үйдің әжетханасынан табылған.