Тоқаев мемлекеттік сапармен Тәжікстанға барады

Sputnik
АСТАНА, 19 тамыз - Sputnik. 22-23 тамыз күндері Қазақстан президенті Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.