АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. ШЫҰ және ҰҚШҰ-ға қатысу Қазақстан үшін тиімді, деді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
"Біріншіден, екі құрылым да бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге ұмтылады. Жалпы Қазақстан ҰҚШҰ-ның бір бөлігі болып табылады, бұл ұйым еліміз тәуелсіздік алған кезеңде осы бірлестік аясында бейбітшілік пен конституциялық тәртіпті сақтау мақсатында құрылды”, - деді қорғаныс министрі.
Кейінірек құрамында әскери блок бар ШЫҰ пайда болды.
“Бұл бізге не береді? Бұл екі қуатты ұйым өңірде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге тырысып, елдеріміздің дамуына ықпал етеді. Бұл біз үшін тиімді және мемлекет басшысы бұл міндеттерді түсінеді”, - деді Жақсылықов.
Астана осы екі ұйым аясында ынтымақтастықты кеңейтуде. Бұл ретте Қазақстанның қорғаныс министрі геосаяси жағдайдың күрделілігіне тоқталды. Дегенмен, Тоқаевтың саясатының арқасында Қазақстанның ешбір көршімен проблемасы жоқ, деп пікір білдірді ведомство басшысы.
“Қазақстан – мемлекеттік шекара бойынша шешімін таппаған проблемасы жоқ жалғыз мемлекет. Қазақстанның кез келген сын-қатер мен қауіпке жауап беруге дайын екендігіне оның тәуелсіз ұлттық заманауи армиясының болуы да ықпал етіп отыр. Өйткені Қазақстанның қарулы күштері – мемлекеттіліктің негізгі институттарының бірі”, – деді Руслан Жақсылықов.