Пара алды деп айыпталған Оралдың бас сәулетшісі кінәсін мойындаған жоқ

Оның қарамағындағы Нұрсұлтан Ғатау керісінше кінәсін толық мойындайтынын мәлімдеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Орал қалалық сотында қалалық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлады "Мой город" порталы.
32 жастағы Мұратбек Тәшенбаевқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды – пара алу және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану.
Осыған ұқсас айыптар екінші сотталушы 27 жастағы Нұрсұлтан Ғатауға тағылды. Ол бөлімнің бас маманы. Қылмыстық істің үшінші қатысушысы 41 жастағы Асылжан Күпбаев пара берді деп айыпталуда.
Прокурордың 40 минуттық сөзінен кейін судья Хайрушева сотталушылардан "тағылған айыппен келісесіз бе?" деп сұрады.
Мұратбек Тәшенбаев өз кінәсін мойындамайтынын айтты. Оның қарамағындағы Нұрсұлтан Ғатау керісінше кінәсін толық мойындайтынын мәлімдеді. Асылжан Көпбаев кінәсін мойындаудан бас тартты.
Жәбірленуші тарап – Орал қалалық әкім аппараты. Сотқа дейінгі тергеу барысында жергілікті атқарушы орган 15 миллион теңгеден астам сомаға азаматтық талап арыз берген. Алайда сот барысында әкімдік өкілі талап арыз берілгеннен кейін белгілі бір жер учаскесі мемлекет кірісіне айналғанын айтып, талап қоюдан бас тартты. Әкімдік соттан сотталушыларды қатаң жазаламауды сұрады.