АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Продюсер Баян Алагөзованың төртінші қызы дүниеге келді.
Баянның бірінші некеден екі қызы бар – 28 жастағы Айсәуле мен 21 жастағы Айару. Ол Тұрсынғали Алагөзевке тұрмысқа шыққаннан кейін тағы екі қыздың анасы атанып отыр.
"Біз сені сегіз жыл, ол аздай Алисадан тағы 15 күнге көп күттік. Біздің шаңырағымызда Алагөзова Алма Тұрсынғалиқызы дүниеге келді", - деп жазды Баян Алагөзова.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 5 тамызында елу жастағы Баян Алагөзованың сәби сүйгені хабарланды – оған Алиса деген есім қойылған.
Актриса әрі продюсер Баян Алагөзова 1974 жылы 9 қаңтарда дүниеге келген. Оның күйеуі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов 1969 жылы 17 қыркүйекте туған.