АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Тағы үш ел ЕАЭО-мен еркін сауда аймақтарын құруды жоспарлап отыр. Олар – БАӘ, Мысыр және Индонезия, деп хабарлады РФ өнеркәсіп және сауда министрі Антон Әлиханов БРИКС елдерінің өнеркәсіп министрлерінің кездесуінде сөйлеген сөзінде.
"Бұл елдермен жасалған келісімдер жоғары деңгейде тұр, мұндай аймақтар осы мемлекеттермен тауар айналымын айтарлықтай арттыруға көмектеседі", - деп мәлімдеді РФ өнеркәсіп және сауда министрі Антон Әлиханов.
Бүгінгі таңда ЕАЭО еркін сауда аймағына Иран, Вьетнам, Сербия және Сингапур кіреді.
ЕАЭО елдері экономикалық белсенділікті арттырып жатқаны бұған дейін хабарланды. Бірінші жартыжылдықта Еуразиялық даму банкіне қатысушы елдердің жалпы ішкі өнімі 4,6%-ға өсті, деп хабарлады ЕАДБ.
Банк 2023 жылы бұл көрсеткіш 3,9%-ды құрағанын хабарлады.
Қазақстан экономикасы туралы айта отырып, ЕАДБ сарапшылары оның көктемгі су тасқынының зардаптарынан кейін қалпына келіп жатқанын мәлімдеді.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖІӨ өсімі 3,3%-ды құрады. Оған өнеркәсіп өндірісі мен қызмет көрсету көлемінің артуы ықпал етіп тұр.
Сондай-ақ банк ЕАДБ елдеріндегі инвестициялық белсенділіктің артқаны айтылды.