АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында психотроптық заттарды өткізумен айналысқан тұрғын 10 жылға сотталды, деп хабарлады Алмалы аудандық прокуратурасы.
Қылмыстық істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарады.
"2000 жылы туған тұрғын 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол интернет арқылы бейтаныс адамның тапсырмасымен биылғы наурыз айынан бастап Алмалы ауданының аумағында есірткі заттарын қойып кетумен айналысқан. Ол үшін сыйақы алып отырған", - дейді ведомство.
Полиция одан 15 синтетикалық есірткі түйіншегі тәркіледі.
"Биыл 147 есірткі қылмыскері, оның ішінде 88 өткізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қала аумағында заңсыз айналымнан 369,9 кг есірткі заттары алынып, жойылды", - дейді прокуратура.