Қызылордалық диқандар күріш жинау науқанын бастады

Алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемі 580 млрд теңгеге жетті
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 тамыз - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қызылордалық диқандардың егін жинау науқанын бастау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Іс-шара Қызылорда облысында өткен республикалық семинар-кеңес аясында өтті.
Биыл үкімет егіс және егін жинау науқанын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық мәселелерін шешті.
Алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемі 580 млрд теңгеге жетті, жылдық мөлшерлеме 5%-пен берілді. 334 млрд теңге игерілді.

"Президенттің тапсырмасы бойынша биыл тыңайтқыштар енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Мәселен, егер өткен жыл ішінде 679 мың тонна енгізілсе, қазіргі уақытта ғана 1,2 млн тонна сатып алынды. Бұл ретте Қызылорда облысы тыңайтқыштар енгізу бойынша көш бастады. Жоспар бойынша 63,3 мың тоннаға 100% үлес қосылды", - деді Айдарбек Сапаров.
Биылөңірдің фермерлері жарты миллион тоннадан астам күріш жинауды жоспарлап отыр.
Іс-шара барысында өңірлік ауыл шаруашылығы кооперативтері мен өнім өндірушілер арасында меморандумдарға қол қойылды.
Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес өңірлердің тұрақтандыру қорларына 1000 тоннадан астам күріш пен тұз жеткізілетін болады.
Бұл өнімдер ішкі нарықты қанықтырады және күріш пен тұз бағасының тұрақтануын қамтамасыз етеді.